Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 ақпандағы №208 Жарлығына сәйкес, Атырау қалалық сотының судьялары лауазымына Л.Лұқпанова мен С.Ноғаев тағайындалды.
Лұқпанова Лаура Есмағомқызы еңбек жолын 2009 жылы Атырау қалалық сотының бас маманы - сот отырысының хатшысы болып бастаған. Кейін, Атырау облысының ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотында жұмыс істеді. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
Ноғаев Саламат Жетібайұлы әр жылдары Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында сот отырысының хатшысы, Маңғыстау облысының, Астана қалалық сотының Соттар әкімшісінің кадр бөлімдерінің басшысы, Маңғыстау облысы Сот актілерін орындау департаментінің Ішкі әкімшілік бөлімінің бастығы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің персоналды басқару бөлімінің шағымдарды қарау секторының меңгерушісі лауазымдарында болған.
Облыстық соттың төрағасы жаңадан тағайындалған судьяларға жемісті жұмыс тіледі.