Атырау қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұған дейін Атырау облысы әкімінің орынбасары болған Сәлімжан Нақпаев әкім болып тағайындалды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 4-қазанда Аслан Мусин экономика және бюджетті жоспарлау министрі, ал бұған дейін Атырау қаласының әкімі қызметін атқарған Бергей Рысқалиев Атырау облысының әкімі болып тағайындалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті