Еске сала кетейік, оқиға зауытта 27 мамыр күні болды. Өзінің әрекеттерін кәсіпорынның құрылтайлық құжаттарына өзгерістер енгізу қажеттігімен түсіндірген жеке сот орындаушы зауыттың мүлкіне сүргі салып, оның жұмысын тоқтатқан болатын.
Тек қалалық соттың шешімінен кейін ғана зауыт жұмысын қалпына келтірді. Алайда сот орындаушысы қалалық соттың осы іске қатысты үкімімен келіспей, жоғары инстанцияға шағымданған. Шағымды қараған облыстық соттың судьясы Бағила Нұржанова жеке сот орындаушысының зауыт жұмысын тоқтатып, оған сүргі салу әрекеттерін заңсыз деп тапты.