Атырау тұрғындары жер үшін кәсіпкермен қырқысуда

Онсыз да бір-бірімен иық тіресіп тұрған көпқабатты үйлердің ауласындағы мына алақандай аумақ қоршалғалы бері тұрғындардан маза қашты. Оның үстіне қоршалған жердің астында газ сақталатын қойманың орналасуы да қауіпті күшейте түскен.

Ғалия Ермішева, Атырау қаласының тұрғыны:

-Сол газ құбыры солай қалды. Құйттақандай  жерге даңғарадай  үйді саладыоның ішінде 40 пәте,р  80 машина болад, 80-90 бала болмақ.

Ал құрылыс компаниясының басшысы алған бетінен қайтар емес. Қолындағы құжаттарын көрсетіп, жуықта бұл жерде 30 пәтерлі көпқабатты үйдің бой көтеретінін айтып отыр. Және осы жер телімі үшін мыңдаған долларының кеткенін айтып, шығынын ақтап алу үшін құрылысты жыл соңына дейін бітіріп, пәтерлерді сатамын қоямын дейді.

Александр Козьмин, құрылыс компаниясының басшысы:

-Мен ол жерді 2005 жылы жеке тұлғадан сатып алдым. Енді 30 пәтерлік үй салмақпын. Ешкімнің алдында ол үшін жауап беруге міндетті емеспін, тұрғындардың да пікірі мен үшін маңызды емес. Себебі, менің жерім. Не істесем де өзім білем, құжаттарым да заңды.

Бірақ тұрғындар да оңайлықпен беріле салмаймыз деп отыр. Құзырлы орын біткеннің бәріне арыз жазып, нысанға қатысты тексеріс жүргізілуін талап етуде.

Loading...