Атырау тұрғыны: 17 жыл жынмен бірге өмір сүрем, жынмен жыныстық қатынасқа да түсем

Эльмира Бекқұлова бұл жайлы “Пендеміз ғой” ток-шоуында айтты.

“2003 жылы алғаш жынмен қатынасқа түскенімді сездім. Түс көріп шошып ояндым. Жынмен жыныстық қатынасқа түскенімді түсіндім. Жылына бір рет солай болып жүрді. Кейін үдей түсті. Тіпті түсімде түрін көріп, сөйлесетін болдым. Түрі Арнольд Шварцнеггерге ұқсайды. Шаш сары, көз көк. Мені жақсы көретінін, менен кете алмайтынын айтып жүрді”, – дейді ол.

Әйелдіі аяқ-қолы тартылып, өзі ауыра бастағанда күйеуі көп жерге қаратып емдетеді. Дәрігерге де, емшілерге де қаралады. Алайда емін таппайды. Кейін шымкентте жақсы еші бар егенді естіген соң, Атыраудан жолға шығады.

“Күйеуім өзің барып кел деді. Шымкентті емшіге бардым. Түнгі уақытта жеттім. Емші Бердияр қары Сармановтың аузына аздаған спирт иісі шығып тұрды. Ол менімен жыныстық қатынасқа түсіп, қыз бала босанып берсең, ауруың кетеді деді. Мен қашуға тырыстым. Ауласында екі иті бар екен. Ешкім танымайтн жерде оның айтқанына көнуден басқа амалым болмады. Кейін жүкті болып, қыз бала босандым. Қызым да аздап арушаң болды”, – дейді жәбірленуші.

Айтуынша, мұның бәрін күйеуіне жасырамй айтқан. Тіпті жолдасы өмірге әкелуіне қарсы болмаған. Бірақ ішімдік ішіп, отбасы шырқы бұзыла бастайды. Ақыры 2007 жылы ажырасып кетеді.

Эльмира Бекқұлованың бес баласы бар. Бір қызының әкесі шымкенттік емші. Ол ай сайын алимент төлемегенімен, еміне ара-тұра ақша салып тұратын көрінеді.

“Бұл науқастың жатырында жын бар. Күнәлі істі күнәлі амалмен қайтарудан басқа амал болмады. Оны тек ұрық арқылы қайтару керек болды. 40 күн өткен соң түсік жасатып, алып тастауы тиіс болған. Бірақ бұл кісі мені түсіндей, босанып алыпты. Мен қыздың әкелігінен бас тартып отырған жоқпын. Көмегімді беріп тұрам”, – дейді Шымкенттегі емші Бердияр қары Сарманов.

Ал, рухани шипагер, исламтанушы Әбдінайым Қарақожаевты айтуынша, бұл емшінің әрекеті күнә, әрі шарғатқа жат нәрсе.


“Бұл емші де, емделге әйел де Алланың алдында күнә жасап отыр. Зинақорлықтың өзі күнә. Зинадан бала табу да күнә. Зинамен бала көтеріп емдеу деген мүлде жоқ. Ол шайтани іс. Емшіге айтарым, мұндай харамдықты қойсын. Жынмен қатысы болған соң баласы да ауру болып отыр. Зинадан туған балаға жын әсер етпей қоймайды. Бұл кісінің жынмен қатынасы бар  рас. Жын мен адам арасында ғашықтық та болады. Бұл кісі жолдасымен мұсылмандық некеге де тұрмағандықтан, арасында жын пайда болған. Жын әйел адамға ғашық болып, онымен қатынасқа түсіп, сол арқылы жолдасы екеуінің арасын суытып жіберетін жағдайла кездеседі. Кейін өзі де жеріп, ауруға айналдырады. Мәселен, жын адамның ішіне кіріп дене мүшесін зақымдауы мүмкін. Жүрегі шаншып ауырса да, дәрігер еш мін таппайды. Яғни, оның жүрегін қысып, ауыртатын жынның әсері”, – дейді исламтанушы.

Эльмира Бекқұлова емшінің қинап төсек қатынасына тартқанын айтқанымен, оны ақтауға тырысты. Оны жаман нәрсе істеген жоқ деп ақтады. Өзін де күнәхар санамайтынын жеткізді. Амалсыздықтан, ем іздегеннен осындай жағдайға ұрыным деп отыр.

Айтуынша, ұлы да өзімен өзі сөйлеседі. Анасына қол көтеріп, аяусыз сабап тастаған кезі болған. Мамандар анасының ішінде жыны бар болғандықтан, жынның балаларына да әсер еткенін айтады.

Екі баласы мүгедек болып, күйеуінен ажырасқан әйел ауруын емдей алатын жандардан көмек сұрайды.