Атырау тұрғынынан алты центнерден астам балық тәркіленді

 Атырау облысында сирек кездесетін балықтың ірі мөлшерімен Атырау тұрғыны ұсталды.


           Полиция қызметкерлері жексенбі күні оның көлігін Атырау – Орал жолында тоқтатты, деп облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
           Тексеру кезінде оның көлігінен сирек кездесетін балық салған қаптар nабылған. Барлық салмағы 620 кг. Жүргізушіде жүкке қатысты тиісті құжаттар болмаған.
           Қазір тексеру жүруде. Жүргізушіге ешқайда кетпеу туралы қолхат берілді.