Атырау университетінің студенттері Дамба ауылындағы балабақшаның құрылысына көмектесіп жатыр

«Құрылыс отряды 15 адамнан құралған. Олар Дамба ауылында «Батыс Альянс Сервис» компаниясы салып жатқан балабақшаның құрылысына тартылды. Келісімге сәйкес, студенттер екі ай жұмыс істейді», - деді ол.

Проректордың айтуынша, құрылыс отрядтарына үміткерлерді іріктеуде аз қамсыздандырылған отбасылардан шыққан балаларға артықшылық беріледі. «Оларға лайықты жалақы да төленеді», - дейдіБ.Тыныбаева.

Оның айтуынша, студенттер негізінен медициналық мекемелер, мектептер сияқты әлеуметтік нысандардың құрылысына жиі тартылады. Мысалы, былтыр студенттер Исатай ауданындағы аурухананың құрылысына қатысқан болатын.