«Атырау» волейбол клубы ерлер арасында Қазақстан кубогының иегері атанды


Бұған дейін өз алаңындағы ширек финалдық ойында барлық қарсыластарын қоғадай жапырған Хромтаудың «ТНК Қазхром» командасы бұл жолы жанкүйердің сенімін ақтай алмады. Жартылай финалда атыраулықтарға 2-3 (20-25, 25-16, 24-26, 25-21, 15-17) есебімен есе жіберген олар ақтық сында да дәл осындай есеппен Оралдың «Конденсат» командасына (21-25, 35-33, 28-26, 15-25, 9-15) ұтылды. Ал жартылай финалда оралдықтарды (3-1) тізе бүктірген Қызылжардың "Есілін" ақтық сында "атыраулықтар" 2-3 есебімен қапы қалдырды. Соның нәтижесінде Қазақстан кубогында 1-3 орынды "Атырау", "Есіл" және "Конденсат" командалары өзара бөлісті.