Атырау және Хьюстон бауырлас қалалар болмақ


Бұл идея АҚШ-тағы Қазақстан елшісі Қайрат Омаров пен Хьюстон мэрі Анис Паркердің кездесуі барысында қолдауға ие болды, деп хабарлады бейсенбіде Қазақстан СІМ баспасөз қызметінен.
Ақпаратқа қарағанда, кездесу барысында тараптар Хьюстонда тұрып жатқан саны жағынан көп қазақстандық диспораны ескере отырып, мәдени байланыстарды орнату мәселелерін талқылаған.
"Бұл мәселе келесі жылдан бастап қолға алынбақ”, делінген ақпаратта.