Атырау және Қызылорда облыстарында пәтер тонағандар ұсталды


Күлсары қаласының екі тұрғыны және Арал қаласының бір тұрғыны бес күннің ішінде 13 пәтерді тонап үлгерген, деп хабарлады дүйсенбіде облыстық полицияның баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова.
Тергеу барысында анықталғандай, олар 400 мың доллар, бағалы заттар мен тондар, тағы бір жеке кәсіпкерден 200 мың доллар ұрлаған.
Олардан алтын заттар мен ұрлық жасауға арналған құрал-терезе мен есік ашуға ыңғайланған ашқыш пен қолғаптар табылған.
Қазіргі уақытта шұғыл тергеу шаралары жүргізілуде.