Облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқанның айтуынша, конкурс Х.Досмұхамедов атындағы университеттің базасында "Менің Отаным - Қазақстан" және "Мен педагог мамандығын таңдаймын" деген екі аталымда өткізіледі. Оған 10-11 сыныптар оқушылары қатыса алады.
Сайысқа қатысушылар туған өлкесі, өз айналасындағы адамдар жайлы әңгімелеп, неге педагог болғысы келетіндіктерін негіздеуі тиіс. Конкурстың мақсаты - жас адамдардың патриоттық сезмдерін дамыту, сондай-ақ өз өмірін педагог қызметіне арнағысы келетін адамдарды анықтау болмақ. Жеңімпаздарға университетте оқуға гранттар берілмек.