«Атырау-Алматы» пойызынан өрт шықты


Төтенше оқиға темір жолдың Атырау бөлімшесінде орын алды, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметінен.

«Жолаушылар басқа вагондардағы бос орындарға орналасып, пойыз одан ары өз бағытымен аттанып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Пойыз Алматыға белгіленген қозғалыс кестесі бойынша келеді. Вагонның түтіндеу себебі анықталуда», - делінген хабарламада.