Атырауда 10 Қытай азаматы ұсталды (ФОТО)


«ҚХР азаматтары Атырау облысы Исатай ауданы Нарын ауылында миграциялық полицияның тексеру іс-шаралары кезінде ұсталды. Ұсталғандар - Мыңтеке кен орнында барлау, бұрғылу жұмыстарын жүргізіп жатқан «Синопек» мұнай компаниясының бұрғылаушылары. Тексеру кезінде қытайлықтардың Ақтөбеде облысында тіркелгендігі анықталған. Олар басқа аймақта жұмыс жасау үшін құзырлы органнан рұқсат алмаған», - деді облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мухтарова.

Қазіргі уақытта миграция тәртібін өрескел бұзған қытай азаматтарын ғана емес, оларды жұмысқа тартқан компанияға да жаза қолдану мәселесі қарастырылып жатыр.