Атырауда 1,5 тонна бекірені заңсыз әкетіп бара жатқан азамат ұсталды


Мына көлік жол сақшыларының күдігін туғызған. “Фолксваген Пассат” тасжолдың жиегімен шамдарын сөндіріп, келе жатқан. Инспекторлар тексеруге тоқтатқан көліктің артқы есігін аша қалса, іші балыққа толып тұр екен. Ал жүргізушінің қолында 1 жарым тонна бекіре тұқымдас балықты тасымалдауға рұқсат қағаз да жоқ. Балық браконьерлік жолмен ауланған болса, иесі қылмыстық жауапқа тартылады.