Атырауда 20 мың адам жүгіруден жарысқа түсті

Атырау жұртшылығы көктемнің алғашқы күнін және онымен бірге келетін Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығын осылайша атап өтті. Қарасы қалың топ Мұз айдыны жанынан бастап, орталықтағы Исатай мен Махамбет атындағы алаңға дейін жүгірді. Бұқаралық жүгіріске қатысуға тілек білдіргендердің ең кішісінің жасы 9-да болса, ең үлкені 72-де. Белсенділерге азын-аулақ сыйлықтар тапсырылып жарыс осындағы 17 этно-мәдени бірлестік өкілдерінің қолданбалы өнер жәрмеңкесімен аяқталды.

Loading...