Атырауда 20 жастағы қыз көпірден секіріп мерт болды

Қайғылы оқиға 29 қазан күні кешке болды.

«Сағат 23.05-те төтенше жағдайлар қызметіне Балықшы ықшамауданындағы қыз көпірден өзенге секірді деген хабарлама келді. Құтқарушылар қайғылы оқиға орнына 12 минуттан кейін жетті, Өкінішке қарай, оны құтқара алмады», - деп хабарлады ТЖД.

Қыздың мәйітін құтқарушылар келгенге дейін өзеннен шығарып алған. Қазіргі уақытта өлімнің мән-жайы анықталып жатыр.