Атырауда 2011 жылы спортты дамытуға 2,87 миллиард теңге жұмсалады

Ағымдағы жылдың бюджеті талқыланған облыстық мәслихаттың сессиясында бұл туралы облыс әкімі Бергей Рысқалиев мәлім етті.

Бөлініп отырған қаржы дарынды балаларға арналған 200 орындық мектеп-интернаттың құрылысына, облыс орталығындағы теннис кортының, Атырау қаласының Геолог-2, Нұрсая Балықшы ықшамаудандарындағы спорттық-сауықтыру кешендерінің құрылыстарын аяқтауға жұмсалады.

Сондай-ақ Құрманғазы және Индер аудандары мен Қызылқоға ауданының Сағыз ауылындағы спорт кешендерінің құрылыстарын қаржыландыру жалғаспақ.