Атырауда 22 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды


Қылмыс жасаған соң әйелі мен 4 баласын тастап, әлдекімдердің көмегімен пойызбен Душанбеге жеткен. Кейін Шымкент қаласына келіп, сонда тұрақтап, көлік жөндеу орталығына жұмысқа орналасыпты. Үйленіп те алған. Тіпті бойжеткен қыздарын тұрмысқа беріп, ата атанып та үлгерген. Бірақ, осы 22 жылда Атыраудағы отбасын мүлде іздемеген, қазір көрсем балаларымды да танымаймын дейді. Қазір 60-тан асқан азамат уақытша ұстау абақтысында қамауда жатыр.