"Бүгінгі күні Атырауда «Алтын алқа» төсбелгі иелері - 1088, күміс алқалы аналар - 1559. Қалада 10 немесе одан да көп баланы тәрбиелейтін аналар саны - 283, ал 4 және одан да көп балалары бар көпбалалы аналар - 5296", - дейді Атырау қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Полымбет Хасанов.
Айта кетейік, көпбалалы 25 ананың 5-і «Алтын алқа», 19 ана «Күміс алқа» төсбелгісіне ие болды.