Атырауда 5 жасар қызды ұрлаған Украинаның азаматы сотталды


Қалалық прокуратурада хабарлағандай, ағымдағы жылдың маусым айында ер адам ауладан 5 жастағы қыз баланы қараусыз қалған ғимарат жаққа алып кеткен. Мұны көріп қалған қыздың сіңілісі көршілерін көмекке шақырып, олар ер адамды ұстап алған еді.

Қылмыскер бұл істі мас күйінде жасадым деп ақталғанымен, сот оның бұл түсініктемесін негізсіз деп есептеді. Оны ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлімі «д»-тармағында, 125-бабы 2-бөлімінде қарастырылған («Кәмелетке толмаған баланы қасақана ұрлау» қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды.