Caravan Logo

Атырауда 52 жасар әйел тұңғышын дүниеге әкелді

Атырауда 52 жасар әйел тұңғышын дүниеге әкелді

19 қаңтар күні 52 жастағы келіншек салмағы 3 келі 70 грамм, бойы 51 см ұл баланы дүниеге әкелді.

"Прикаспийская коммуна" сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта ананың да, баланың да жағдайы жақсы, деп хабарлайды Экспресс К.

Перинаталдық орталықтың мәлімдеуінше ұзақ уақыт ем қабылдап жүрген әйел табиғи жолмен құрсақ көтере алмаған. Араға уақыт салып, жасанды ұрықтандырудың нәтижесінде сәбилі болды.