Атырауда 7 тоннаға жуық мерзімі өтіп кеткен азық-түлік өнімдері жойылды


Көпшілігі Атырау облысындағы супермаркеттер мен өзге сауда орындарына азық-түлік өнімдерін жеткізетін «Атырау Ақбұлақ» серіктестігіне тиесілі өнімдер болып шықты. Айта кетерлігі, аталған мекеме мерзімі өткен бұл тағамдардың барлығын сауда нүктелеріне таратып шықпақ болған. Мұндай жағдай осыдан екі жыл бұрын да қайталанған еді. Ол кезде уақыты өткен осындай 15 тонна ет тәркіленіп, кейін оның көзін жойған-ды.