Атырауда 8 жасар баланы ұрлап әкетпек болды

25 жастағы қала тұрғыны баланы «Фольксваген-Пассат» көлігіне күштеп отырғызбақ болған, алайда ол қолынан келмеді. Өңірдің ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, ер адам ұсталып, уақытша қамау изоляторына тоғытылды. Оның үстінен ҚР ҚК 125-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жас жігіт баланы не себепті ұрламақ болғаны жайында ІІД ешқандай ақпарат бермеді.