Атырауда 8 жасар қызды зорлап, артынан өлтірген адамға қатысты сот болып жатыр


Арман Рсалиевке адам өлтіру және зорлау баптары бойынша айып тағылып отыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Тергеу мәліметінше, 28 жастағы жігіт мас күйінде көрші үйдің қызын өзен жағасына алдап апарып, зорлаған. Артынан қылмысын жасырмақ болып, жеткіншекті өзенге лақтырып жіберіпті. Сөйтіп, Айкөркем суға тұншығып өлген. Еске сала кетейік, Айкөркем Алдамжар биыл маусымның 14-і күні ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Қыздың денесі арада 5 күн өткенде Жайық өзенінен, өзі жоғалған маңнан 1 шақырым қашықтықтан табылған болатын. Оны іздеуге тіпті қазір айыпталушы орындығында отырған Арман Рсалиев те атсалысты. Бірақ артынан кінәсін мойындаған.