Атырауда 9 адам лаңкес деп айыпталуда

«Сотталушыларға ҚР Қылмыстық кодексі 233-баптың 4-бөлімі , 233-1-баптың 2-бөлімі, 233-2-баптың 2-бөлімі, 233-3-баптың 1-бөлімі, 251-баптың 3-бөлімі, 252-баптың 3-бөлімі, 24-баптың 1-бөлімі, 175-баптың 1-бөлімі бойынша айып тағылуда. Бұл - лаңкестік, лаңкестікті үгіттеу, лаңкестік топты құру және басқару, сондай-ақ, оған қатысу, қаруды заңсыз сатып алу, сақтау және жасап шығару, экстремизмді және лаңкестік қызметті қаржыландыру, ұрлыққа түсуге әрекет жасау», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінде.

Сотталушылардың жасы 17-ден 33-ке дейінгі адамдар екені белгілі болды. Олар Атырау облысы Құрманғазы және Исатай аудандарының, сондай-ақ, Атырау қаласының тұрғындары. Сот үрдісі жабық тәртіпте өтуде.