Атырауда адам өліміне күдікті Түркия азаматы қамауға алынды


Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарованың хабарлауынша, Атырау-Астрахань күре жолының бойында 42 жастағы Түркия азаматы жүргізіп келе жатқан «Volvo» жүк көлігі мен 30 жастағы Атырау тұрғынының басқаруындағы «УАЗ» атокөлігі қақтығысып қалды.

«Алдын ала ақпарат бойынша, «Volvo» жүргізушісі жолдың тайғақ бөлігінде көлікті басқара алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Ол «УАЗ» автокөлігімен қақтығысты. Соғылғаннан кейін «УАЗ» отқа оранды. ЖКО орын алған жерде жақын маңнан табылған полиция қызметкерлері жанып жатқан көліктен жүргізуші мен үш жолаушыны құтқарып үлгерді, одан кейін «УАЗ» жарылды. Салонда қалған тағы бір жолаушы қаза болды. Зардап шеккендер Исатай аудандық ауруханасына жеткізілді. «Volvo» жүргізушісі қамауға алынды. Оған қатысты ҚР ҚК 296 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады Г.Мұхтарова.