Атырауда адам өлтірген сот қызметкері шартты жазамен құтылды


Алтынгүл Маеваға қатысты сот үкімі қатаң болған жоқ. Екі жақтың келісімге келуіне байланысты сот оны шартты түрде 1 жылға бас бостандығынан және 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айырды. 3 жыл сынақ мерзімі және бар. Мәліметтерге қарағанда, кінәлі жақ жәбірленушілерге 1 жарым миллион теңге беріп, келісімге келген. Ал, жылдамдық сүйгіш сот қызметкері көлігінің астына түсіп мерт болған келіншектің артында 4 баласы қалды. Марқұм ауылдан келіп, базарлардың бірінде ұсақ-түйек саудамен нәпақасын айырып жүрген екен.