Атырауда адамдарды алдап соққан алаяқ 5 жылға сотталды


Ол сұраған қаржысын айтқан уақытында әкелмегендерді орнына  өзге жұмыссыздың табылатынын айтып қорқытқан. Сөйтіп, әр адамнан 300 мыңнан 1 млн теңгеге дейін алыпты. Осылайша, 1 жылға жетпейтін мерзім ішінде 50 адамды тақырға отырғызып кете барған. Бірақ 30 млн теңгеге жуық қаржыны қалтасына басқан алаяқ көпке ұзамай ұсталды. Енді Дәурен Мәженов алдағы 5 жылын түрмеде өткізуі тиіс. Сондай-ақ, жәбірленушілерден алған қаржысын да қайтаруға міндетті.