«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы таратқан мәліметте: «вагондардың біреуінен түтін ғана шыққан» делініпті. Бірақ жолаушылар түсірген мына кадрлерде оның жанып жатқаны анық көрініп тұр. Құдай сақтап, ондағы 36 адамның ешқайсысы да зардап шекпепті. Олар өзге вагондарға бөліп отырғызылып, сапарларын әрі қарай жалғастырған. Оқыс оқиғаға қарамастан, отарба Алматы вокзалына уақытылы жетеді деп жоспарланып отыр. Қазір өрттің неден шыққаны анықталуда.
Loading...