Атырауда алып шұжық әзірленді


Бұрын-соңды әзірленбеген шұжыққа 50 келі сиыр еті мен 7 келі әртүрлі табиғи дәмдеуіштер қосылыпты.  Және алып шұжықты 30-ға жуық маман 5 күн бойы жасаған.  Дәм татқысы келген атыраулықтардың қарасы аз болған жоқ. Бірақ, ұйымдастырушылар оның біраз бөлігін  қаладағы балалар үйлеріне табыстауды жөн деп тапты.