Атырауда ата-аналар арзан кітапқа таласып жатыр

Мұнда, әсіресе, 1-ші мен 3-ші сыныптарға арналған оқулықтар түгелімен, ал жоғары сыныптарға арналған ағылшын мен математика оқулықтары жетіспейді. Атырау қалалық білім бөлімі басшыларының сөздеріне қарағанда, биыл кітап сатып алу үшін қазынадан 52 миллион теңгедей бөлініпті. Бірақ, бұл аздық етіп отыр екен. Себебі, биыл Атырауда 1-ші сыныпқа барған балалар саны жылдағыдан көп. Тіпті кей мектептерде бірінші сынып 16 топқа дейін бөлінген көрінеді.

Әйгерім Төлепова, Атырау қаласының тұрғыны:

-Таңертең сағат 8-ден бастап кезек  алдық.  Содан
 әлі тұрмыз. кітапты Базарда 1 500 теңге болса мұнда  700 теңге. Жалғызбасты анамын.  Ақша да жетіңкіремейді, сосын осында келгенмін.