Атырауда әткеншек тепкен алты жасар қыз мерт болды


Қайғылы оқиға үйдің ауласында әткеншектер орнатылған жерде орын алды. Жіпке ілінген әткеншек оны тербеу кезінде баланың мойнына оралып қалады. Аулада болған одан сәл ересектеу балалар байқаған кезде, кеш болған. Тергеу жүргізіліп жатыр.