Атырауда атыс болып, 21 жастағы жігіт мерт болды


Хабарламаға сәйкес, Атырау облыстық ауруханасына кеуде тұсынан оқ жарақатын алған 2001 жылы туған ер адамның мәйіті жеткізілген. Сонымен қатар, 2004 және 2005 жылы туған екі адам зардап шекті.

Алдын ала мәлімет бойынша, бір топ жігіт арасындағы жанжал Атырау-2 ықшамауданында болған. Қақтығысқа қатысы бар барлық адамдар анықталды. Қылмыстық кодекстің 99 бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.