Атырауда ауылдық әкімдік өртеніп кетті

400 шаршы метр аумақты алып жатқан ғимараттың ішінде бірнеше мекеме болған. Учаскелік полиция бөлімшесі мен кітапхана да түгел отқа оранды. Бас-аяғы 20 минуттың ішінде тілсіз жау мекеменің барлық бұрышын шарпыған. Бұл кезде әкімдік қызметкерлері жұмыста отырыпты. Дәлізден түтін иісі шыға бастағанда барлығы заттарын тастап, далаға қашып шыққан. Қазір өрттің шығу себебі мен келген шығын көлемі анықталуда. Ал далада қалған әкімдік қызметкерлері осындағы орта мектептің ғимаратына уақытша қоныстанды.


Рая Сарынбаева, оқиға куәгері:

- Әкімдіктегілерге біздер ойбай өртеніп жатсыңдар деп айқайладық, олар атып шықты далаға. Содан өрт сөндірушілерге хабарладық.