Атырауда автокөлік құралдарының тапшылығынан жедел жәрдем қызметінің жұмысы тұрақсыздана бастады

Оның айтуынша, күн сайын шақыруларға 35 автокөлік шығуы тиіс, алайда, қазір станция автопаркінде небәрі 5 машина бар. Сондай-ақ, күнделікті тынымсыз тұтыну салдарынан көліктер жиі істен шығатын болған.

М.Смағұловтың айтуынша, кейінгі күндерде қалада шақырулар саны күрт артты. Орташа тәуліктік норма 100-120 шақыру болса, қазір тәулігіне 240-255 телефон қоңырауы түседі. Шақырулардың басым бөлігі тұмау дертіне байланысты болып тұр.