Атырауда балық қырылып жатыр

Қырылған балықтардың дені табан мен қарақөздер. Мамандардың айтуынша, ұзындығы 200-250 метр, ал тереңдігі бір метрге жуық тоғанға балықтар Жайық өзенінің суы көтерілген кезде келіп, қалып қойған. Қазір оқиға орнында арнайы мамандар жұмыс істеп жатыр. Олар иістеніп, бүліне бастаған балықтарды жинап, жағалауға көміп тастады. Айтуларынша, бұл – өлекселерді жоюдың жалғыз амалы.

Асылбек Мұқанов, Атырау облыстық табиғат қорғау прокурорының орынбасары:

-Жаңбырдан немесе басқа да кеше теңізден толқындар келді ғой, сол су келіп, қайтқан кезден болған сияқты. Себебі, балықтардың көпшілігі, құрғақта, балшық жерде жатыр. Сол себепті, кислород жетпеуінен болуы мүмкін деп есептеп отырмыз. 

Loading...