Атырауда бас дәрігер бір шөлмек виски алғаны үшін сотталды


Парақорды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ведомствосының қызметкерлері ұстап, ол Атырау қаласының прокурорымен кінәсін мойындау туралы іс жүргізу келісімін жасаған.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, бас дәрігер ҚР ҚК-нің 366-бабының 1-тармағында («Пара алу») қарастырылған қылмысты жасауда кінәлі деп танылды. Оған мүлкін тәркілеумен қатар, параның елу есе көлемінде айыппұл түрінде және өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді.