Атырауда бекіре саудасымен айналысқан келіншек ұсталды


- Салонның ішінен табылған балықтардың  иесі сіз ғой?

 - Иә,

- Балықтарды қайдан алдыңыз?

- Дамбыдан.

- Әр келісін  қаншадан алдыңыз?

- 700 теңгеден алдым.

Қала іргесіндегі Дамбы ауылы тұрғындарының басым бөлігі балық аулап, оны сатумен күн көріп отыр. Қымбат балықты арзан бағамен алғысы келетін атыраулықтар бекірені алыстан іздемей, дамбылықтардан бір келісін 700-800 теңгеден алады. Ал оның базардағы бағасы 5-6 мың теңге шамасында. Әсіресе, «Бекіре» шарасы кезінде балықшылығымен белгілі елді мекендерден шыққан автокөлік атаулының барлығы тексерілетінін ұмытқан азаматша енді қылмыстық жауапкершілікке тартылады.