Атырауда бекіре тұқымдас балық өсіретін зауыт салынады

Республиканың балық шаруашылық комитеті техникалық-экономикалық негіздемесі мен 149 млн тенгеден асатын жобалық-қаржылық құжатын дайындап, республикалық бюджеттің қаржыландыруына тиісті арызын жазды.

Республикалық бюджеттен бөлек, балық қорын ұлғайтуға облыстық бюджеттен және табиғатты пайдаланушылар тарапынан ақша бөлінуде. Биылғы жылы балық шаруашылық бөгендерінде балық шабақтарын құтқаруға 3,7 млн тенге, ал қатты шөпті ору жұмыстарына облыс бюджетінен 10 млн тенге жұмсалды. Балық шаруашылығы ұйымдары 2007 жылы аймақта құны 7 млн тенгеге бағаланатын 52 млн шабақты құтқарды.

Балықтардың жосуы мен уылдырық шашу жағдайын жасау үшін, су бөгендерінің түбін тереңдету жұмыстары жүргізілуде. 2004 пен 2007 жыл аралығында Орал мен Қиғаш өзендерінің бойымен жүретін балықтардың жолдарын тереңдету жұмыстары ұйымдастырылды. 2004 жылдан бастап бұл жұмыстарға республикалық бюджеттен 800 млн тенге жұмсалды, деп хабарлады облыс әкімінің орынбасары М. Тасыбаев.

Атырау бекіре балықтары зауыты Оралға 8 млн дана бекіре балығын жіберді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті