Атырауда Бергей Рысқалиев құрған ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері қылмыстық іс материалдарымен танысуда

Барлық айыпталушылар толық танысқаннан кейін, қылмыстық іс сотқа жолданады.

Еске сала кетейік, ірі көлемде бюджет қаржысын жымқыру және ұйымдасқан қылмыстық топты құрды деген айыптар бойынша 11 адам тұтқындалған болатын. Олардың қатарында облыс әкімінің бұрыны бірінші орынбасары Болат Дәукенов, Атырау әкімі Асқар Керімов, облыстық ведомстволардың басшылары бар. Бергей Рысқалиев пен оның ағасы Аманжан Рысқали, сонымен қатар олардың туыстары Әлбақасов, Желдібаев, Ізбасар, бюджет қаржысын ұрлауға қатысы бар бірқатар компаниялардың басшылары халықаралық іздеуге жарияланды.

Бұның алдында хабарланғанындай, Бергей Рысқалиев басқарған қылмыстық топтың іс-әрекеттерінен мемлекеттік бюджетке 71 млрд. теңгеден астам залал келтірілген. Тергеу барысында бюджетке 23,4 млрд. теңге қайтарылды. Тамыз айында Швейцария банктерінде Рысқалиевтерге тиесілі 100 млн. еуро банк шоты анықталды.