Атырау облысындағы Теңіз кен орнында мұнай төгілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "АқЖайық" порталына сілтеме жасап.
Бес күн бұрын мұнай қоймалары мен газ өңдеу зауыты арасындағы жерасты құбырдан мұнай аққан. Сыртқа төгілген мұнайдың жалпы көлемі шамамен 50 текше метр – 50 мың литр немесе бір вагонды құрады.
"Теңізшевройл" компаниясы төтенше жағдай болғанын растады.
"12 қараша күні Теңіз кен орнында құбырдан мұнай ақты. Оқиға орнына Теңізшевройл апаттық бригадасы барып, тесілген жерді оқшаулау бойынша шұғыл шараны қолға алды. Қазіргі кезде Қазақсатан Республикасының қауіпсіздік ережелеріне сәйкес, апатты жою жұмыстары атқарылып жатыр. Барлық құзіретті органға хабар берілді", - дейді компания мамандары.
Теңіз кен орны штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.