Авангард және Лесхоз шағын аудандарында, сонымен бірге, қала маңындағы Жұмыскер және Еркін-қала кенттерінде газ бір болып, бір болмай тұрды. Қалалық әкімдікте мұны «Атыраугазинвест» ЖШС жүйесінде электр қуатының күрт тұйықталуынан құрылғылар блокадалып қалды деп түсіндірді. 8 қаңтар күні Нұрсая және Атырау ірі шағын аудандары, кейін Авангард шағын ауданындағы көппәтерлі үйлердің біразы газсыз қалды.
«ҚазТрансГазАймақ» АҚ облыстық филиалының баспасөз қызметінен газ қысымының төмендеуі техникалық себептерге байланысты деп хабарлады.
«Газбен қамтудың жұмыс режимін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.