Атырауда Б.Рысқалиевтің қылмыстық тобына қатысты сот ісі жалғасты

Істі жүргізуші Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Гүлмира Дәулетова адвокаттардан үш қолдаухат келіп түскенін хабарлайды. Олардың бірі - «Азиямаркет С» ЖШС-нің бұрынғы директоры Қ.Қадыровқа қазақ тілінде жауап беруге рұқсат беру туралы болды, бұл өтініш қанағаттандырылды.

Бір сотталушыны тұтқындаудың барынша жеңіл түріне ауыстыру туралы, сондай-ақ куәгерлердің бірінің есепшотын тексеру қолдаухаты қанағаттандырылмады. Осыдан кейін сот куәгерлерді тыңдауды жалғастырды.


Еске сала кетейік, сот Атырау шенеуніктері мен бизнесмендерін ҚР ҚК 6-бабы бойынша айыптап отыр. Сотталушылар саны 22 адам, оларға лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланып, бюджет қаражатын жымқырғандары үшін айып тағылды. Б.Рысқалиев, оның бауыры Аманжан Рысқали және олардың 9 сыбайласына халықаралық іздеу жарияланды. Көрсетілген тұлғаларға қатысты қылмыстық іс материалдары жеке іс жүргізу үшін бөлінді.