Атырауда бұрынғы премьер-министр Балғымбаев қайтыс болды

Нұрлан Өтепұлы танымал мемлекет қайраткері және мұнайшы. Еңбек жолын қарапайым бұрғылаушының көмекшісінен бастаған. Кейін Мұнай және газ министрі, «Қазақойлдың» президенті, Елбасының кеңесшісі қызметтерін атқарды.  Ал, 1997-1999 жылдары Министрлер кабинетіне жетекшілік еткен. Премьер ретінде Балғымбаев отандық тауарларға ерекше қолдау көрсетіп есте қалды. Сондай-ақ, Балғымбаев - мұнай және газ өнеркәсібін дамытуға, еліміздегі қазба байлықтарды  тиімді пайдалануға бар күш-жігерін салған азамат. Марқұм соңғы уақытта «ҚазМұнайГазға» тиесілі компаниялардың бірін басқарған. 

Loading...