Атырауда денсаулық фестивалі өтті

Спорттық шаралардың басым бөлігі Жайық өзенінің жағасында өткізілді. Бұл жерде бұқаралық жеңіл атлетикалық жүгіріс, велосипедшілер, ролик тебушілер арасындағы жарыстар ұйымдастырылды. Денсаулық фестиваліне арналған спорттық іс-шаралар демалыс күндері облыс орталығындағы басқа да ірі шағын аудандарда өткізілді.

Жеңімпаздардың барлығы бағалы сыйлықтармен қатар, грамоталарға ие болды.