Атырауда дүлей дауыл тұрды


Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Тек қаладағы жеке компаниялардың бірінің шатыры ұшып, ғимарат алдындағы 3 жеңіл машина пен бір шағын автобустың үстіне түскен. Көліктерге едәуір зақым келді. Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, бір күннің ішінде облыс аумағында дауыл 7 нысанның шатырын жұлып әкеткен. Арасында орта мектеп те бар.