Атырауда екі күннен бері газ тапшы

Жанармай тапшылығы, сонау сәуір айында Атырау мұнай өңдеу зауыты жөндеу жұмысына жабылған кезден-ақ басталыпты. Содан бері газ атаулыға жарымай-ақ қойдық дейді мұндағы жұрт. Әдетте жанармай құю бекеттері айына 400 тонна отын жеткізіп отырса, бүгінде тек 40 тоннаға дейін түсіп қалған. Қазір тіпті, бірнеше газ құю бекеттері мүлдем жабық тұр.


Әзидолла Ғалиев, көлік жүргізушісі:

- Біздің Атырау облысында газ жоқ. Тұтынушы көп те газ беретін орындар аз. Соның бәрі енді. Өзімізде газ бар, қамтамасыз етуге болады ғой.