Видеода ер адам жұмыстағы үзіліс кезінде есіктен шығып келе жатқан әйелді бірнеше рет пышақтап, қашып кеткен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Ол қызды аңдып, кіреберістегі баспалдақтың астында жасырынып тұрған. Болжам бойынша ер адам - жәбірленуші қыздың бұрынғы сүйіктісі.
Қор мәліметінше, қыз Атыраудағы жергілікті супермаркеттің бірінде жұмыс істейді. Жасы 33-те. Қазіргі таңда ол жансақтау бөлімінде жатыр.
Полиция департаменті бұл дерекке қатысты пікір білдірді. 9 маусымда 29 жастағы күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған.
"Күдіктінің жеке басы анықталды, оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралар кешені қабылданады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта күдікті мен жәбірленушінің бұрын азаматтық некеде болғандығы анықталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", - дейді ПД өкілдері.