Атырауда Фариза Оңғарсынованың ескерткіші ашылады


Қазақ поэзиясында ерекше орны бар Фариза Оңғарсынованың ескерткіші Атырау қаласындағы Сәтпаев даңғылында бой көтереді. Оның ескерткішінде ақын өлеңдерінің бірнеше шумағы жазылатындығы белгілі болып отыр. 

«8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Фариза Оңғарсыноваға арналған ескерткіш ашылатын болады», - деп мәлім етті Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов.