Атырауда газ баллоны жарылып, 3 адам зардап шекті


Күшті жарылыстан жақын маңайдағы үйдің терезелері сынып, қабырғасы шытынапты. Ал контейнер жол төсеу жұмыстарымен айналысатын жергілікті компанияға тиесілі екен. Зардап шеккен Түркияның екі азаматы мен бір отандасымыз осы мекеменің жұмысшылары. Шетел азаматтары жұмыстарын аяқтап, елдеріне қайтуға жиналған көрінеді. Контейнер ішіндегі жеке заттарын алып кетпек болып, есігін ашқанда жарылыс болыпты. Қазір үш азамат та ауыр халде ауруханада жатыр.